Қызылордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.
Құрылтайдайдың негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау.
Қызылордадағы отырыста ел дамуына қатысты өзекті мәселелер күн тәртібіне шығады. Құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар әлеуметтік, саяси және мәдени бағыттағы ұсыныстарын ортаға салады.
Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары мына өңірлерде өтті:
- 2022 жылы – Ұлытауда;
- 2023 жылы – Түркістанда;
- 2024 жылы – Атырауда;
- 2025 жылы – Бурабайда.
