Шымкентте жер үйде газ жарылып, бір адам қаза болды

Шымкентте жеке тұрғын үйде газ ауа қоспасының жарылысы болып, бір адам қаза болды. Зардап шеккен тағы екі адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұл ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растады.

Қайғылы жағдай Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында болған. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай, сіріңке жағылып, соның әсірінен үй ішінде жиналған газ тұтанып, жарылыс болған. Оқиға орнына жеткенде өрт сөндірушілер келгенге дейін газ ауа қоспасының тарсылы болғаны анықталды. Соның салдарынан үш адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Жарақат салдарынан 30 жастағы ер адам емханада қайтыс болды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да