Алматы зообағында билет бағасы өсті

Не болды?

Бүгіннен бастап Алматы зообағына кіру билеті қымбаттады. Ересектер үшін кіру құны 1427 теңге (бұрын 800 теңге), балалар үшін 562 теңге болды (бұрын 300 теңге). Бұл туралы зообақ әкімшілігі мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Бағаның өзгеруі мекемені дамытуға бағытталған. Әкімшілік қолданыстағы вольерлерді жаңғыртып,  жаңа әрі кең вольерлер салуды, инфрақұрылым мен жануарлардың жағдайын жақсартуды жоспарлап отыр.

Зообаққа кім тегін кіре алады?

  • Зообаққа Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
  • мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • зейнеткерлер;
  • көпбалалы аналар;
  • 6 жасқа дейінгі балалар;
  • жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар (18 жасқа дейін);
  • мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар мен әскери академияның курсанттары тегін кіре алады.