Павлодар облысында өрттен 2 бала қаза болды

Павлодар облысының Иртышск ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлап отыр.

Оқиға туралы қоңырау таңғы сағат 08:33-де түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Алайда сол сәтте үй толығымен жалынға оранып, жиһаз бен тұрмыстық заттар, сонымен қатар шатыр жанып жатқан.

Құтқарушылар ауыр жағдайға қарамастан, бірден адамдарды іздеуге кіріскен. Нәтижесінде өрттен үш бала тірі күйінде шығарылып, тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда екі баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Өрт шамамен 50 шаршы метр аумақты қамтып, кейін толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да