Не болды?
Әлемдік деңгейдегі Australian Open–2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді. Бұл туралы Qazsport хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (5-нөмір) алғашқы айналымда словениялық Кайя Юванмен (97-нөмір) кездеседі. Ерлер бәсекесінде Александр Бублик (10) АҚШ теннисшісі Женсон Бруксбимен (48) кортқа шығады.
Тағы кімдер өнер көрсетеді?
- Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева — бразилиялық Беатрис Хадад Майямен;
- Зарина Дияс — испаниялық Паула Бадосамен;
- Александр Шевченко — іріктеуден өткен теннисшімен бақ сынайды.
Анықтама
Australian Open ашық чемпионаты – жыл сайын өтетін турнир. Биылғы 114-ші Australian Open негізгі кезеңінің матчтары 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, қазақстандық теннисші Александр Бубликтің Хоңкоңда өткен ATP 250 турнирінде тарихи жеңіске жетті. Осының арқасында Қазақстан ерлер мен әйелдер арасындағы жаһандық тізімге бірдей енген әлемдегі үш мемлекеттің біріне айналды.
