Не болды?
Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің Хоңкоңда өткен ATP 250 турнирінде тарихи жеңіске жетті. Осының арқасында Қазақстан ерлер (ATP) мен әйелдер (WTA) арасындағы жаһандық тізімге бірдей енген әлемдегі үш мемлекеттің біріне айналды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлап отыр.
Мәлімет
Бұл нәтижеге Қазақстаннан бөлек тек АҚШ пен Италия ие болып отыр. Елена Рыбакина 2026 жылдың басында WTA рейтиңінде 5-ші орынды сенімді түрде сақтады. Александр Бублик Хоңкоңда өткен ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, тарихи рекорд орнатты. Тоғызыншы рет осы атқа ие болған Александр әлемдік рейтиңде 10-шы сатыға көтерілді. Бұл еліміздің ерлер теннисі тарихындағы тұңғыш көрсеткіш.
Спортшылардың жоғары нәтижесі мен инфрақұрылымның жүйелі дамуы Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайта түседі. Бұл жетістіктер отандық теннис мектебінің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттігінің айқын көрінісі, — дейді федерацияның баспасөз қызметі.
Жекелеген жетістіктермен қатар, Қазақстан — командалық деңгейде де әлемдік держава. Әйелдер құрамасы «Билли Жин Кинг Кубогының» рейтиңінде әлемдегі ең үздік 10 ұжымның қатарына кіреді.
