Не болды?
2026 жылғы 14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan ұшағы әуе кемесіне арналған жолақ шегінен шығып кеткен. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы – Атырау бағыты бойынша ұшқан FS7202 рейсі сәтті қонып, ұшып-қону жолағын босатқан. Тұраққа қарай төмен жылдамдықпен қозғалу барысында FlyArystan ұшағы әуе кемелеріне арналған жолақ шегінен шығып кеткен.
Борттағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зерттеп жатыр.
