«ҚазАвтоЖол» Қазақстандағы республикалық маңызы бар бірқатар автожолда ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс уақытша шектелгенін хабарлап отыр.
Ұлттық компанияның мәліметінше, келесі өңірлерде көліктің барлық түрі үшін жол жабылған:
Абай облысында:
-
«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910–1002 шақырымы (Қалбатау – Көкпекті);
-
«Өскемен – Семей» автожолының 103–198 шақырымы (ШҚО шекарасы – Семей).
Ақтөбе облысында:
-
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–836 шақырымы (ECO Oil ЖҚС – Хромтау).
Атырау облысында:
-
«Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 621–841 шақырымы (Атырау – Құрманғазы).
Ал Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында (Северное – Серебрянск) қыс мезгілі аяқталғанға дейін сақталады.
Сонымен қатар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір арқалықтарының зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы жабылды. Қазіргі уақытта Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша қолжетімсіз.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді алыс жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алуға шақырады.
