Қазавиақұтқару тікұшағы Зайсаннан Өскеменге науқасты жеткізді

ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы 1967 жылы туған пациенттің қауіпсіздігін қадағалап Зайсан қаласынан Өскеменге әкелді.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Экипаж мүшелерінің қатарында пилот Сергей Пинигин мен Бауыржан Бутенбаев, санавиация дәрігерлері Лариса Величко мен Айгүл Құдербаева бар.

Экипаждың кәсібилігінің және дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Облыс орталығына келгеннен кейін пациент одан әрі емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да