Алматы мектептері BilimClass платформасын қолданады

Bilim Group компаниясы «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-нің өтініші бойынша шығарылған сот шешіміне байланысты ресми мәлімдеме жасады.

13 қаңтарда Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қалалық білім басқармасына, сонымен қатар оған қарасты аудандық бөлімдерге, мектептер мен білім беру ұйымдарына BilimClass платформасына немесе «Күнделік» автоматтандырылған жүйесінің орнына басқа ақпараттық жүйелерге көшуге, оларды енгізуге, тестілеуге немесе пилоттық режимде пайдалануға тыйым салу туралы ұйғарым шығарған.

Bilim Group-тың мәліметінше, қазіргі таңда Алматыдағы 225 мектеп BilimClass платформасында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Компания оқу үдерісі үздіксіз жалғасып жатқанын және деректердің қауіпсіздігі мен пайдаланушылардың ақпараттық қорғалуы толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Компания өкілдері сонымен қатар интернетте тарап жатқан кейбір ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес, компания өз заңды мүдделерін қорғау үшін барлық сот сатысына жүгіну құқығын сақтайды. Бұл іс бойынша түпкілікті сот шешімі әлі қабылданған жоқ, – делінген Bilim Group мәлімдемесінде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да