Шымкент қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 16-қабатынан құлап, оқиға орнында қаза болды.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдарына тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.
