«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді.
Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 15-16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ құбылыстары болжанады. Елдің оңтүстік-шығысында 16-17 қаңтарда қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, – делінген хабарламада.
