Қазақстанда бензин қымбаттай ма? Министрлік жауап берді

Қазақстанда бензин бағасын көтеру қазіргі уақытта жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы энергетика министрінің кеңесшісі, ресми өкіл Әсел Серікпаева айтты.

Оның айтуынша, елде АИ-92 бензиніне мораторий әлі де күшінде.

Жанар-жағармай бағасының күрт өсуі болжанбайды. Ішкі отын нарығы уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында, – деді ол.

Министрлік өкілі 2027 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы кезең-кезеңімен іске асатынын айтты. Бұл автоматты түрде бағаны теңестіру емес, заңнамаларды үйлестіру процесі екенін атап өтті. Сонымен бірге көрші елдермен баға айырмашылығы арзан отынның заңсыз сыртқа шығарылуына әкелуі мүмкін. Бұл ішкі нарықта тапшылық тудыру қаупін арттырады.

Әсел Серікпаеваның айтуынша, қазіргі төмен баға инвестиция тартуға кедергі, саланы жаңғыртуға мүмкіндік бермей отыр.

Саланың дамуы үшін Шымкент, Атырау, Павлодар МӨЗ-дерін кеңейту және төртінші мұнай өңдеу зауытын салу қажет. Мораторий аяқталған соң, Қазақстан нарықтық бағаға біртіндеп көшеді. Барлық шешім ел экономикасы мен халық табысын ескере отырып қабылданады. Бағаның күрт өсуіне жол берілмейді, – деп сендірді министрлік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да