Мұнай өнімдерін ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

Энергетика министрлігі ел аумағынан мұнай өнімдері мен бензинді әкетуге тыйым салу туралы бұйрық қабылдады.

Құжат бойынша, шектеу 2025 жылғы 20 қарашадан 2026 жылғы 20 мамырға дейін күшінде болады.

Тыйым Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қолданылады. Бұйрықта көрсетілгендей, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден шығаруға болмайды. Сонымен қатар теміржол көлігі арқылы әкетуге де тыйым салынды.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін ЕАЭО-дан тыс елдерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойлды, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға уақытша шектеу енгізіледі.

Энергетика министрлігі бұл шара ішкі нарықта жанармай тапшылығы мен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қабылданғанын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да