«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қазіргі ахуалы туралы ақпарат таратты.
Қозғалыс ашық жолдар
2026 жылғы 12 қаңтар – сағат 08:00 жағдайына сәйкес келесі учаскелерде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық:
-
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 218–232 шақырым (Октябрьское – Ақмола облысының шекарасы)
-
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 232–260 шақырым (шекара – Сұрған)
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы», 915–1002 шақырым (Жақсы – Атбасар)
-
«Жақсы – Есіл – Бұзылық», 0–82 шақырым (Ақсай – Бұзылық)
-
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл», 537–552 шақырым (Бұзылық – Сұрған)
-
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл», 24–137 шақырым (Сәтбаев – Ұлытау)
-
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті», 433–750 шақырым (Жезқазған – Жаңаарқа)
Жылдамдық режимі шектелді
Ауа райына байланысты кей бағыттарда көліктің барлық түрі үшін жылдамдық төмендетілді:
-
KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы (18–232 км): 90 км/сағ
-
KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы: 30–92 шақырым: 110 км/сағ, 92–164 шақырым: 110 км/сағ
Жабық немесе шектеулі жолдар
-
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктеріне қозғалыс шектелді. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында қыс аяқталғанша әрекет етеді.
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» трассасындағы «Қалқаман» жолайрығы уақытша жабық. Себебі көпір құрылысының шеткі арқалықтары зақымданған. Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол қолданысқа берілмей тұр.
