Не болды?
9 қаңтардан бастап «Еуропалық одаққа кіру мен шығу» жүйесі (EES) Еуропаның ондаған әуежай мен портында іске қосылды. Жаңа жүйенің кесірінен көптеген ұшақ рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы Euronews хабарлап отыр.
Мәлімет
ЕО құрамына кірмейтін ел, соның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ-тан визасыз келетін саяхатшылар арнайы терминалдарда биометриялық деректерін тіркеуге міндетті.
Жаңа жүйе 2025 жылғы қазан айында іске қосылды. Бастапқыда үшінші ел азаматтарының тек 10%-ын ғана қамтыса, қазір бұл көрсеткіш 35%-ға дейін артты. Соның салдарынан әуе рейстерінде айтарлықтай кідірістер туындап отыр.
Airport Council International (ACI) Europe дерегіне қарағанда, биометриялық деректерді өңдеу паспорттық бақылаудан өту уақытын 70%-ға ұзартады.
EES жүйесіне қалай дайындалу керек?
Егер сіз ЕО аумағынан ұшып шығатын болсаңыз, тіркеу мен тексеруден өткеннен кейін бірден паспорттық бақылауға баруға кеңес береміз. Осылайша EES тексеруінен мүмкіндігінше ертерек өтесіз, – дейді Ұлыбританияның туристік агенттік қауымдастығы.
Қауымдастық әуе компаниялары мен тасымалдаушылардың әуежайға, портқа және басқа да жөнелту пункттеріне келу уақытын қатаң сақтауға шақырады.
