Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы 2026 жылғы 06 қаңтардағы жарлық: Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында:

  • 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
  • Қазақстан Республикасының үкіметі цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажет шараларды қабылдасын.
  • Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін, — деп жазылған президенттің жарлығында.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да