Қазақстан азаматтарын 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тауар мен қызмет бағасының айтарлықтай өсетіні күтіп тұр. Сарапшылар мен мемлекеттік органдар алдағы қымбатшылық туралы ескертті: өзгерістер қарапайым тұтынушылардың қалтасына, бизнеске және қаржы саласына әсер етпек.
Төменде 2026 жылдан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістердің толық тізімі ұсынылады.
1. Ұялы байланыс және интернет тарифі
Ұялы байланыс операторлары 2026 жылы баға саясатын қайта қарамақшы. Байланыс қызметінің қымбаттауына бірнеше фактор себеп болып отыр:
-
Ескі тарифтер жойылады: Операторлар тиімділігі аз «архивтік» тарифтерді жауып, абоненттерді қымбатырақ жаңа пакеттерге ауыстыруды жалғастырады.
-
Инфрақұрылым шығыны: 5G желісін кеңейту және интернет сапасын арттыруға кететін шығындар тариф бағасына қосылады.
-
Болжам: Сарапшылардың пікірінше, байланыс қызметтерінің бағасы, орта есеппен, 10-15%-ға өсуі мүмкін.
2. Банк қызметтері және мобильді аударымдар
2026 жылдан бастап қаржы саласындағы бақылау күшейеді, бұл жанама түрде халықтың шығынына әсер етуі мүмкін.
-
Мобильді аударымдарды бақылау: Салық органдары бөлшек саудадағы «көлеңкелі айналыммен» күресті күшейтеді. Кәсіпкерлік мақсатта жасалған аударымдар қатаң тексеріліп, жеке тұлғалардың карталарына түсетін түсініксіз төлемдерге салық салынуы мүмкін. Бұл көптеген шағын дүкендер мен қызмет көрсетушілердің қолма-қол ақшаға көшуіне немесе тауар бағасын өсіруіне алып келеді.
-
Несие және комиссиялар: Базалық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты банк өнімдерінің (несие, бөліп төлеу) шарттары өзгеруі ықтимал.
3. Мұнай тасымалдау және жанармай бағасы
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» компаниясының магистралдік құбырлар арқылы мұнай тасымалдау тарифі күрт өседі.
-
Өсім: 37,9% артады.
-
Жаңа баға: 1000 шақырымға шаққанда 1 тонна6 777,76 теңге (ҚҚС-сыз) болады.
-
Салдары: Бұл коммунал төлем түбіртегінде көрсетілмегенімен, жанармай бағасына жанама түрде соққы болады. Тасымалдау құны артуы бензин, дизель отыны және мұнайға қатысты басқа да тауарлардың өзіндік құнын қымбаттатады.
4. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу (Нотариус қызметі)
Пәтер немесе үй сату-сатып алу келісімшарттарын куәландыру құны да өседі.
-
Қалада: Қызмет құны бұрынғы 7 864–43 252 теңге аралығынан 12 975–51 900 теңгеге дейін өседі. Баға шамамен 8 600 теңгеге дейін қымбаттайды.
-
Ауылда: Бұрынғы баға 3 932–7 864 теңге болса, енді 6 487–11 677 теңге аралығында болады. Өсім — шамамен, 3 800 теңге.
5. Компьютерлік техника және электроника
Нарықтағы жедел жады (DDR5) және SSD жинақтағыштардың тапшылығы техника бағасының шарықтауына жеткізіп отыр.
-
Мысал: 16 ГБ жедел жадының (ОЗУ) екі данасынан тұратын жиынтық бар болғаны бір жарым айдың ішінде 40 000 теңгеден 120 000–140 000 теңгеге қымбаттады.
-
Салдары: Бұл тек жеке компьютерлерге ғана емес, тұрмыстық техника мен серверлік жабдықтардың бағасына да әсер етеді.
6. АЕК (МРП) өсімі және айыппұлдар
Болжам бойынша, 2026 жылы Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл автоматты түрде мыналардың қымбаттауына әкеледі:
-
жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл;
-
салықтар мен міндетті төлем;
-
мемлекеттік баж салығы (төлқұжат алу, құжат рәсімдеу).
