Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы болды

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы болды. Бұл туралы ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан боксшылары World Boxing нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшысы» болған. Дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өткен. Әр лайк бір дауыс ретінде есептелген.

Тағы бір айта кетерлігі, Астанада өткен әлем кубогының ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппин Арон Жуд арасындағы жекпе-жек «Жылдың ең үздік жекпе-жегі» болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да