Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сонымен қатар облыс жұртшылығымен кездеседі.
Айта кетейік, күні кеше Тоқаев Астананы дамыту туралы кеңес өткізген болатын.
