Қазақстанда сәбіз экспортына 3 айға тыйым салынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәбіз экспортына уақытша тыйым салу туралы бұйрық әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Бұйрық бойынша, тыйым үш ай мерзімге енгізіледі. Ол жаңа өнім түріндегі және салқындатылған сәбізге қатысты және сәбізді үшінші елдерге, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне экспорттауға шектеу қояды. Бұл талап транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.

Министрлік тыйымды енгізу себебін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді. Аталған бұйрық 2025 жылғы 29 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстан 2025 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе көп сәбіз экспорттаған. Осы кезеңде шетелге барлығы 86 мың тонна сәбіз шығарылған.

2025 жылы қазақстандық сәбіздің негізгі импорттаушылары қатарында Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және басқа да елдер бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да