18-20 мамырдағы ауа райына болжам: Күн суытады

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен шығыс облыстары әлі де болса суық арктикалық фронттардың ықпал ету аясында болады. Бұл жерлерде жаңбыр өтіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

18-19 мамырда Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында — 5 градусқа дейін үсік жүреді.

Осы ретте, ауа температурасы нормаға жуық және одан жоғары болады деп күтілуде.  Қазақстанның батысында, сондай-ақ кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, ауа температурасы көтеріледі. Егер 16 мамырдың өткен тәулігінде күндізгі ауа температурасы онда +13…20°C болса, ал алдағы үш тәулікте + 22…30°С дейін көтеріледі.

ДереккөзKazhydromet.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!