Елорда мектептерінде бірінші ауысымның 0-6 кластары ауа райының қолайсыздығына байланысты «қашықтан» оқуға ауысты.
Астанада түнде және таңертең қар жауып, боран соғып тұр. Ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеді.
Ауа райының нашарлауына байланысты қала маңындағы маршруттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 автобустары. Қалған қала аумағындағы маршруттар жүріп жатыр.
Сонымен қатар Астана әуежайының баспасөз қызметі боран мен қарға қарамастан әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлап отыр.
