Басты бет / Жаңалықтар /
Қылмыс
Фото: Glavk.info

Астана әуежайында Түркия азаматы қамауға алынды

Астана халықаралық әуежайында Түркия азаматы тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды.

Оқиға туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады.

Оның айтуынша, Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе рейсіне тіркеу кезінде «Астана–Пхукет» бағытындағы ұшаққа отырғалы тұрған 47 жастағы Түркия азаматын анықтап, ұстаған. Ол әуекомпаниясының өкіліне әзілдеп, өзімен бірге тыйым салынған заттардың бар екенін айтқан. Бұл ақпарат шұғыл тексеріліп, ңәтижесінде қатер расталмаған. Дегенмен, бұл оқиға тіркеу қызметінің жұмысына уақытша кідіріс келтіріп, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында алаңдаушылық туғызды.

Көлік полицейлері шетел азаматын жауапқа тартып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Қауіпсіздік қатерлеріне қатысты кез келген әзіл немесе мәлімдеме аса мұқият қарастырылады. Нақты қауіп болмаса да, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді және оның соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деді полиция полковнигі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook