Әлемге аты әйгілі Жеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссеры Роберт Кун жаңа киноларын Маңғыстау облысында түсіретін болды.
Бұл ресми ақпаратты Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығы таратты.
Әлемдік кино жұлдыз Жеки Чан мен «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссеры Роберт Кун жаңа киноны түсіретін негізгі алаңы ретінде Маңғыстау облысын ресми түрде бекітті, — делінген хабарламада.
Қазір Маңғыстау облысын аралап жүрген команда облыстың табиғаты мен инфрақұрылымын көріп, «Доспехи Бога» фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстауды таңдап алған.
