Астанада тағы 2 көпір салынады

Астанада жолдағы кептелісті азайту үшін тағы екі көпір салынатын болды. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек айтты.

Кептеліс көбіне көпірге қарай Есіл мен Нұра аудандарында болады. Қазіргі кезде екі жаңа көпірдің жобасы жасалып жатыр, — деді Жеңіс Қасымбек.

Ол кептелісті азайтуда әкімдік пен мемлекеттік орган қызметкерлерінің жұмыс уақытын 7.30 бен 8.00-ге ауыстыру оң нәтиже бергенін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта ЛРТ-ның ашылуы да қала көшелерінде кептелістің азаюына сеп болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да