Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада 0–4 класс оқушылары 11 желтоқсан күні қашықтан оқыту форматына ауысты.

Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, қатты аязға байланысты дәстүрлі оқу форматы уақытша тоқтатылды.

Синоптиктердің болжамынша, 11 желтоқсанда қалада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнгі ауа температурасы –22…–24°C, күндіз –10…–12°C аяз болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да