Президент дипломатиялық корпустағы кадрларды ауыстырды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі елшіні ауыстырды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Нидерланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов
Фото: Gov.kz

Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ақан Рахметуллин
Ақан Рахметуллин. Фото: Gov.kz

Қазақстан Республикасының Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа одағы жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы Роман Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург ұлы нерцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Роман Василенко
Роман Василенко. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Мемлекет басшысының жарлығы арқылы Бақыт Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.