Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, бұған дейін осы лауазымды атқарған Ақан Рахметуллин лауазымынан кеткен.
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жуырда президент Ермек Көшербаевты сыртқы істер министрі етіп тағайындаған еді.
