Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент Қайрат Әбдірахмановты елші қызметінен босатты

Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген Ақорда сайтында.

4 желтоқсанда Қайрат Әбдірахманов ресми түрде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалған болатын, сондықтан да барлық мемлекеттік қызметінен кетті.

Мақалаға реакция