Алматыда сатып алуға ұсынылатын 28 тұрғын үйдің тізімі шықты

Алматыда үлескердің қаражатын тартуға ресми рұқсат алған 28 тұрғын үй кешенінің тізімі жарияланды.

Тізім

«Каспий» ТҮК
«AiSafi» ТҮК
«Аrena city Life А» ТҮК
«Аrena city Sport» ТҮК
«Jar-Jar» МТҮК
«Аrena city Life В» ТҮК
«Ауэзов Сити» ТҮК
«Tarlan» МТҮК
«РИВЬЕРА» ТҮК
«Abaya 130» ТҮК
«Lumiere» ТҮК
«SATPAEV» ТҮК
«Verdi» ТҮК
«Клубный дом 44» ТҮК
«VESPER» ТҮК
«Benelux» ТҮК
«Maxima city» ТҮК
«Raaf Park» МТҮК
«Dream City Tech-A-B» МТҮК
«Нурлы Дала» ТҮК
«White Residence» ТҮК
«Dream City Family A-D» МТҮК
«Dream City Family F-G» МТҮК
«Parasat II» МТҮК
«Dream City Family K-L» МТҮК
«Rams Saiahat» ТҮК
Altai City» ТҮК
«Атмосфера» ТҮК, 4, 5-кезек

Қай кезде тұрғын үйді жарнамалауға болмайды?

Енді мынадай кезде тұрғын үй кешені мен жеке тұрғын үй құрылысы нысандарына жарнама жасауға тыйым салынады:

  • құрылыс салатын компанияның үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты болмаса;
  • бірыңғай оператормен кепілдік шарт жасалмаса;
  • банк арқылы жобалық қаржыландыру жүзеге аспаса.

Бұған дейін жобалық-сметалық құжаттама бекітілсе, жарнама беруге рұқсат беретін норма да алынып тасталды.

Заңға «жеке тұрғын үйлер кешені» деген жаңа ұғым енді. Бұл нысандарға да заңда белгіленген талаптар толық қолданылады.

Құжаттарды тексеру үшін мына нөмірлерге хабарласу керек:
📞 Құрылысқа рұқсаты бар-жоғын білу — +7 (705) 896-6000
📞 Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар-жоғын біоу — +7 (727) 240-8000

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңарған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да