Coca-Cola футболдан әйгілі FIFA™ Әлем Чемпионаты кубогын Қазақстанға әкеледі

2026 жылғы қаңтар айында Алматы Coca-Cola мен FIFA бірлесіп ұйымдастыратын ғаламдық тур аясында әлемнің бас футбол трофейін қабылдайды. Бұл Қазақстан халқы үшін әлемдік футбол даңқының символын өз көзімен көріп, алдағы чемпионат атмосферасын сезінудің бірегей мүмкіндігі болмақ.

Түпнұсқа Кубок туры FIFA™ Әлем Чемпионатының басталуына орай өтіп, оған алты құрлықтағы 50 ел қатысады. Coca-Cola – осы турды ұйымдастыруға айрықша құқыққа ие жалғыз FIFA серіктесі.

Тур 2026 жылы алтыншы рет өтеді. Әлемнің миллиондаған жанкүйері аңызға айналған трофейді өз көзімен көре алады, алайда түпнұсқа Кубокқа қол тигізу құқығы тек Әлем Чемпионатының жеңімпаздарына (ойыншылар мен жаттықтырушыларға) және мемлекет басшыларына ғана беріледі.

Түпнұсқа Кубоктың салмағы 6,142 кел, таза алтыннан жасалған. Ол екі сәтте ғана — Coca-Cola ұйымдастыратын FIFA™ Әлем Чемпионаты Кубогының Туры кезінде және Чемпионат барысында — Цюрихтегі FIFA мұражайынан шығарылады.

26 қаңтарда Кубок Алматыдағы Республика сарайында бірнеше сағат бойы көпшілікке ұсынылып, одан кейін халықаралық сапарын жалғастырады.

Coca-Cola ұсынған футболдан FIFA™ Әлем Чемпионаты Кубогының Туры – жанкүйерлерге ұлы футбол мерекесінің бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін ерекше іс-шара. Қазақстанның осындай аңызға айналған сапардың бір бөлігі болатынына қуанып отырмыз, — деп айтып өтті Coca-Cola өкілдері.

Тур Қазақстанда Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Футбол Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Coca-Cola — алкогольсіз сусындардың әлемдік жетекші өндірушісі, 1976 жылдан бері FIFA серіктесі және футболдан FIFA™ Әлем Чемпионаты Кубогы Турының ресми ұйымдастырушы компаниясы.