Қазгидромет 9 желтоқсанда қалалардың ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Кеше де қалалардың ауа сапасы төмендемейтіні жарияланған еді.
