Жаңа жыл маусымында жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетіндіктен, қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы ҚТЖ хабарлап отыр.
Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдайды. Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді:
- №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.
- №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
- №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сұраныс көп бағыттарда пойыз құрамына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын беріледі.
Билеттерді Bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Билет таусылып кетсе, «Күту парағы» қызметің тегін қолдана алады. Бұл сервис орын босаған кезде автоматты түрде хабарлайды. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызмет сайтта және билет кассаларында көрсетіледі. Оны пойыз жүруіне жеті күн қалғанда және екі сағаттан кеш емес уақытты рәсімдеуге болады.
Толық ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздар қозғалысы туралы мәлімет Tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблода жарияланып отырады.
Естеріңізге салайық, Астанадан жүретін жаңа плацкарт вагондардың суреті жарияланған еді.
