Не болды?
5 желтоқсан күні Илон Масктың Х әлеуметтік желісіне жарнамаға қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Deutsche Welle мәлімдеп отыр.
Мәлімет
Еурокомиссия цифрлық қызметтер туралы заң бұзылғаны үшін алғаш рет айыппұл салды.
Біздің мақсат – цифрлық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, – деді қауіпсіздік мәселелері бойынша Еурокомиссия төрағасының орынбасары Хенна Вирккуне.
Еуропалық реттеушінің айтуына қарағанда, X әлеуметтік желісі «көк белгісі» бар аккаунттарға арналған интерфейсті дұрыс қолданбайды. Салдарынан пайдаланушылар ақпаратты түпнұсқада қабылдай алмайды.
Еурокомиссия X-ке:
— «көк белгіге» қатысты мәселелерді түзетуге – 60 күн;
— жарнама ашықтығы мен деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге – 90 күн уақыт берді.
