Қазгидромет 8 желтоқсанда қалалардың ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
2025 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
