Не болды?
Әлішер Әбдіқадыров Alatau City Authority бас директоры болып тағайындалды.
Мәлімет
Әлішер Әбдіқадыров бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары болған.
Ол 1986 жылғы 6 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетің түлегі, экономика магистрі.
Еңбек жолын 2009 жылы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық қызмет департаменті инвестициялық жобалар басқармасының сарапшысы қызметінен бастаған.
2015-2016 жылдары Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, Астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (2016-2019 жылдары) болып істеген.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ұлттық экономика вице-министрі, ал 2022-2025 жылдар арасында Алматы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Анықтама
Alatau City Authority – Алатау қаласын кешенді басқару және дамыту моделін енгізу үшін құрылған мемлекеттік қор. Алатау қаласы — Қазақстандағы ауқымды және стратегиялық маңызды қала құрылысы жобасы, ол 2025 жылы «дамыған қала» деген ерекше мәртебе алды.
