Не болды?
Бокстан әлем чемпионатын QArena-дан және каналдың Qfootball.kz сайтынан көруге болады.
Мәлімет
Чемпионат 3 желтоқанда басталған. Әр турнир күні екі сессиядан тұрады: біреуі Қазақстан уақыты бойынша, сағат 18:00-де және екіншісі сағат 22:00-де.
Кеше 92 келі салмақ дәрежесінде Нұрмағамед Юсупов қарсыласы Тәжікстан спортшысы Навруз Жафоевті нокаутпен жеңді.
Контекст
Естеріңізге салайық Дубайда бокстан әлем чемпионаты IBA нұсқасы бойынша өтіп жатыр. Чемпионат 13 желтоқсанда бітеді. Қазақстан атынан 13 боксшы қатысып жатыр.
Ливерпулда бокстан әлем чемпионаты өткен еді. Қазақ боксшылары топтық тізімде бірінші орын алды.
