Әлішер Әбдіқадыров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша 2022 жылғы 26 ақпанда Алматы әкімінің орынбасары болып Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ол мұның алдында ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеген.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы 6 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетің түлегі, экономика магистрі.

Еңбек жолын 2009 жылы индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық қызмет департаменті инвестициялық жобалар басқармасының сарапшысы қызметінен бастаған.

2010-2013 жылдары индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің бас сарапшысы, инвестициялық жобалар басқармасының басшысы, стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары,

2014-2015 жылдары инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары,

кейінгі жылдары (2015-2016 жылдары) Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтанның инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (2016-2019 жылдары) болып жұмыс істеді.

2019 жылы QazIndustry қазақстандық индустрия және экспортты дамыту институтының басқарма төрағасы болды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Еске салайық, 25 ақпанда Әлішер Әбдіқадыровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босағаны хабарланған еді.