Бүгін еліміздің алты қаласының ауасы ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
2025 жылғы 5 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған және Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
