Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент фонограммаға тыйым салатын заңға қол қойды

Фото: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларына өзгеріс енгізетін заңға қол қойды. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.

Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ авторлық құқық объектісі саналатын шығармаларды масс-медиада не онлайн-платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды көрсету міндетті, – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұл талап концерттерге ғана қатысты. Ал телевизиялық түсірілімдерде немесе концерт өткізуге арналмаған алаңдарда бұл шектеу қолданылмайды.

Мақалаға реакция