Не болды?
Халықаралық бокстың даңқ залы мен мұражайына енетін жаңа номинанттар тобы жарияланды. Олардың қатарында өзіміздің боксшымыз Геннадий Головкин бар.
Мәлімет
2026 жылғы түлектер қатарына:
- ерлер арасындағы заманауи стиль санатында Геннадий GGG Головкин, Антонио Тарвер және Найджел Бенн;
- әйелдер арасындағы заманауи стиль санатында Наоко Фудзиока мен Жеки Нәва;
- қатыспайтын санатта жаттықтырушы/катмән Расс Анбер, төреші Фрәнк Капучино (қайтыс болғаннан кейін), жаттықтырушы/катмән Жимми Гленн (қайтыс болғаннан кейін) және дәрігер доктор Эдвин «Флип» Хоманский;
- бақылаушы санатында журналист Кевин Айалл және тележүргізуші Алекс Валла (қайтыс болғаннан кейін);
- «Ескі уақыт» санатында Жимми Клабби кіреді.
Олар 2026 жылғы 11-14 маусымы аралығында Нию-Йорктегі «бокстың отаны» Канастотада өтетін Даңқ залына кіру апталығы кезінде марапатталады.
Енді GGG есімі бокс аңыздары Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяомен бірге тұрады.
Головкин бұл залда есімі жазылатын алғашқы қазақстандық боксшы болмақ.
Контекст
Естеріңізге салайық, Геннадий Головкин World Boxing президенті болды. Ол — тарихта халықаралық спорт ұйымын басқаруға тағайындалған алғашқы Қазақстан азаматы.
