Алматы метросы жер сілкінісіне байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Құрметті жолаушылар! Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты Алматы метрополитені уақытша жұмысын тоқтатты. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес қазір нысанда ТЖМ мамандары толық тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеріс аяқталып, ТЖМ ресми рұқсат бергеннен кейін метро жұмысы қайта іске қосылатын болады, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда жер сілкінген. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Жер 12:45-те сілкінген. Магнитудасы — 6-7 балл.
Кейін «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналарын, көшкін мен сел қаупі бар учаскелерді тексерді. Психологтар бар жедел желі де іске қосылды.
