Ақтауда «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектеп таныстырылды

4 желтоқсанда Ақтаудағы №34 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» ұлттық жобасының іске асырылу барысын таныстыру мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа білім беру нысанының инфрақұрылымы мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері көрсетілді.

Жаңа мектептің жалпы аумағы 14 мың шаршы метрден асатын заманауи мектепте 69 пән кабинеті жұмыс істейді. STEM, робототехника, дизайн, технология, музыка және тамақтану мәдениеті бағыттарына арналған сыныптар оқушылардың жан-жақты қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мектепте 1000-ға жуық оқушы білім алады.

5e77872cca8f3fd69bb52ab5a2f84375 Ақтауда «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектеп таныстырылды

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сенсорлық бөлме, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті және қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы жеделсаты орнатылған. Оқушылар қауіпсіздігі мақсатында нысан толық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мектеп аумағында спорт және ойын алаңдары орналасқан.

f35ffd184ba5f87779188dd010a033df Ақтауда «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектеп таныстырылды

«Келешек мектептері» жобасы облыстағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға айтарлықтай серпін беріп келеді. Бұл жоба оқушы орны тапшылығын азайтуға, үш ауысымды оқытуды қысқартуға және заманауи білім беру әдістерін енгізуге мүмкіндік жасайды. Жаңа мектептерде педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған орталықтар мен зертханалық жабдықтар орнатылып, оқу үдерісінде цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда.

5e77872cca8f3fd69bb52ab5a2f84375 Ақтауда «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектеп таныстырылды

Айта кетейік, өңірде аталған жоба аясында бұған дейін жалпы 8 400 оқушыға арналған 10 мектеп іске қосылған. Жыл соңына дейін Ақтау және Жаңаөзен қалаларында тағы екі жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.