Алматыдағы жер сілкінісі: психологтардың сенім телефоны жарияланды

Не болды?

Алматыда жер сілкінгеннен кейін психологтар бар жедел желі іске қосылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Халыққа жер сілкінгеннен кейін көмек беру үшін ТЖМ психологтарына хабарласуға болатын сенім телефоны ашылды, — делінген хабарламада.

Жедел желінің телефон нөмірлері:

8 (727) 278 20 83
8 (727) 278 20 84

Контекст

Естеріңізге салайық, 4 желтоқсанда Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде сағат 12:45-те жер сілкінді.