«Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналарын, көшкін мен сел қаупі бар учаскелерді тексерді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, көшкін мен сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді, – делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесіне қарағанда, көшкін мен сел қаупі бар учаскелер зақымданбаған. Төтенше жағдайлар министрлігіне қираған ғимарат туралы да мәлімет түспеген.
