Не болды?
Еурокомиссия Қазақстанмен визалық режимді жеңілдету жөнінде келіссөз жүргізуге рұқсат алды. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы елшісі Силван Геген BES.media тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Мәлімет
Франция бұл шешімді бірден қолдаған. Дипломаттың түсіндіруіне қарағанда, визалық режимді жеңілдетуге қажет құжат санын азайту және виза құнын төмендету кіруі мүмкін.
Визалық режимді жеңілдету дегеніміз — виза алуға өтініш беретін адамнан талап етілетін құжаттардың азаюы. Сонымен қатар, қателеспесем, оның бағасы да төмендейді. Жалпы алғанда, бұл процесс Еуроодақ пен Қазақстанның бұрынғыдан да жақындай түсуі үшін керек, – деді Силван Геген.
Ол желтоқсан айының басында Қазақстан мен ЕО серіктестік пен ынтымақтастықтың 10 жылдығын атап өтетінін айтты.
Контекст
Естеріңізге салайық, Шенген визасы бар Ресей азаматтары енді Балтық елдеріне кіре алмайды.
