Шенген визасы бар Ресей азаматтары енді Балтық елдеріне кіре алмайды

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Литва билігі елге кіруге рұқсат етілетін Ресей азаматтарының санаттарын атады. Олардың қатарында ресейлік дипломаттар, оппозиция өкілдері, ЕО-ның басқа елдеріне тасымалды жүзеге асыратын компания қызметкерлері және қоғамдастыққа мүше елдерде тұруға рұқсаты бар немесе мүше елдер азаматтарының отбасы мүшелері бар.

Литва Сеймінің 13 қыркүйектегі шешімі бүгін күшіне енді. Украинадағы оқиғаларға байланысты төтенше жағдай 15 желтоқсанға дейін ұзартылды. Жоғарыда аталған азаматтардан басқалары енді жарамды визасы болса да, Балтық елдері мен Польшаға кіре алмайды.