Не болды?
Францияның Лангр қаласындағы жазушы және философ Дени Дидро атындағы музейде ұрлық орын алды. Ұрылар жалпы құны 45 млн теңге тұратын жәдігерлерді алып кеткен. Бұл турал France.info хабарлап отыр.
Мәлімет
Осы дүйсенбі, 20 қазан күні таңертең музей қызметкерлері ғимараттың есігі бұзылғанын және витриналардың сынғанын байқаған. XVIII–XIX ғасырларға тиесілі алтын және күміс монеталардың бір бөлігі ұрланған.
Ұрлық мұқият жоспарланған. Өйткені ұрылар басқа экспонаттарға тиіспей, тек бағалы тиындарды алып кеткен.
Ұрланған жәдігерлер музейдің «қазынасы». Бұл коллекцияны 2011 жылы ғимаратты жөндеу кезінде жұмысшылар тапқан. Жалпы топтама 1633 күміс және 319 алтын монетадан тұрады.
Контекст
Естеріңізге салайық, бұған дейін 19 қазан күні бір топ адам Лувр мұражайына кіріп, француз патшайымдарына тиесілі сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен еді.
Telegram қолданбасының негізін қалаған Павел Дуров «Луврдан ұрланған әшекейлерді сатып аламын» деп мәлімдеді.
