Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында көктайғақ пен боран болады деп болжанып отыр. Тек ҚР-ның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр.

Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтіліп жатыр. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.